Нұрсұлтан Назарбаев «Штрихи к портрету» деректі фильмінде Батыс елдері Қазақстан мен Ресейдің арасына іріткі салғылары келеді деп мәлімдеді.
«Біздің Орталық Азия мемлекеттерін біріктіру туралы бастамамыз Батыс елдеріне ұнамайды, олар біздің қосылғанымызды қаламайды. Керісінше, олар бізді Ресейден бөліп алғылары келіп, қалай араңдатсақ екен деп отыр. Халық Қазақстанға ненің пайдалы екенін түсінбейді. Қытайға қатысты шуды да сырттағылар әдейі ұйымдастырып отыр: біздің көршімізбен ара қатынасымызға іріткі салуды көздейді. Мұны барлығы белгілі дүние ғой», – деді Елбасы.
Бұған қоса, ол Ресей мен Украинаның байланысы туралы сөз қозғап, бұл мемлекеттердің келіссөз жүргізуіне жағдай жасауға тырысқанын жеткізді.
«Мен Украина президентіне бұған дейін ұсыныс жасаған болатынмын. Оған Ресеймен келіссөз жүргізуіне көмектесуге әзір екенімді айттым. Бірақ олар әлі мұндай шешімге келуге дайын емеспіз деп айтты. Менің Украина үшін жүрегім ауырады, мен бұл мемлекетті жақсы білемін. Осындай өзара жақын болған елдердің бір-біріне тісін қайрап отырғаны – саясаткерлердің қателігі, халықтың бұған еш қатысы жоқ», – деді Назарбаев.