08-04-19 |
6300 рет қаралған
Назарбаев реформа жасау міндетін Тоқаевқа беріп отыр.
Назарбаев реформа жасау міндетін Тоқаевқа беріп отыр

Назарбаев – реформашыл адам, бірақ реформа жасау міндетін ол Тоқаевқа беріп отыр. Бұдан ауыр кезеңде Назарбаев 1994-97 жылдары өте маңызды радикалдық реформаларды Қажыгелдинмен бірігіп отырып жүзеге асырған. Сол реформалардың негізінде біз 30 мемлекет қатарына кірмесек те, 56 орында нық тұрмыз. Назарбаев – оңшыл либерал, мәселен, ол жекеменшік секторды ішкі жиынтық өнімді 15% дейін қысқарту керек деген ойды өз аузымен айтты. Біздің одақтасымыз Ресей.  Ресей- жолы болмаған мемлекет, бұл мемлекетпен  әр қадамды Батыс көзқарасымен қараған жөн. Сонда Батыс тарапынан керекті имидж аламыз. Имиджбен бірге бізге инвестициялар келмек. Бізге керекті реформалар: жекеменшік латифундизмнің  жер иелігін шектеп, фермерлерге арзаyға жер телімдерін үлестіру керек. Олар сол жерді банкілерге несиеге кепілдікке береді де лизингке өзіміздің зауыттарда  құрастырылған ауылшаруашылық техниканы  алады. Екінші –  құқықтық және саяси реформалар кезеңі басталмаса өзіміздің капитал қашып, батыстық капитал келмейді. Ең дұрысы, парламенттік республика, бірақ алдымен екінші авторитарлық модернизация керек. Бізге керегі Батыс банкілері. Айтпақшы Батыс елдер банкілері Қазақстандағы Ресей мен Қазақстан банкілерімен  бәсекеге түсу керек. Бізді кері тартып келе жатқан жағдай – экономикадағы монополизм. Ал Қытай капиталы бізді толық бодандыққа кіргізбей өз мақсатына жетпейді. Мұнай секторында Қытай үлесі 40% жетті. Инвестициялар диверсификациялары маңызды. Егерде нарықтық және құқықтық саяси реформаларын  тереңдетпесе экономикалық стагнация күшейе береді. 2015 және 2016 жылдардағы жағдай 1% жылма жыл Ішкі жиынтық өнімі өсу перспективасы реалды қауіп төндіреді. Тоқаевта реформашылдық карт-бланш бар. Қазақстан жаңа президент елімізде  реформа жасап, өшіп бара жатқан экономиканы жандандыра алу мүмкіндік туып тұр.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.