18-11-21 |
1480 рет қаралған
Назарбав та Тоқаев та біртұтас мемлекеттік идея ұсына алған жоқ.
Назарбав та Тоқаев та біртұтас мемлекеттік идея ұсына алған жоқ

Дина Елгезек, журналист:

– Америкалықтар “америкалық арманмен” өмір сүреді. Жапондықтар “игілікті мемлекет” құрды. Орыстардың “Орыс әлемі” бар. Еуропалықтар біртұтас болуды көксейді. Қытай лидері ұлтына “қытай жолын” ұсынды. Түркия басшысының ұлы мұраты “түркі әлемін” жаңғырту.

Ал қазақ қандай идеямен өмір сүреді?
30 жылда Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік идеологияға негіз болатын нендей идея ұсынды? Басымыз кетіп, соңынан еретін?
“Мәңгілік ел” идеясы өміршең болмады. Идеяның авторы Бағлан Майлыбаев сотталып кеткен соң Қазақ елінің басты ұранының “үні” де бәсеңсіп өшіп қалды.

Одан бөлек “Түркі бірлігі” идеясы, “қазақстандық ұлт”, “еуразияшылдық” идеясы, “Қазақстан – ортақ үйіміз”, “Қазақ елі”, “Ел бірлігі” секілді бағыты сан түрлі бастамаларды ұлт қабылдай алмады.

30 жылда қазақтан біресе қазақстандық ұлт жасақтағымыз келді, орыстың озбырлығынан үркігенде түркі болғымыз келді, батыстан жиренгенде еуразияшылмыз деп ұрандаттық, ара-тұра ұлтшылдығымыз ұстап қазақ болғымыз келді. Әрнеңенің басын шолып, ана идеядан мына идеяға секектеген тұрақсыз идеялар – ақыры ұлтты ұйыстыра алмады. Ал нақты мақсаты жоқ ұлттың бойында әрине теріс идеологияларға қарсы тұратын имммунитет қалыптаспайды.

Асыл арманы айқындалмаған ұлт әрине, замануи сын-қатерлерге төтеп беруде қауқарсыздық танытады.

Еуразияшыл, батысшыл, түркішіл, арабшыл болып қазақтың төртке бөлінуі осы біртұтас идеяның жоқтығынан.

Мақсатсыз адам қанатсыз құспең тең.
Қасым-Жомарт Тоқаев мырза даму траекториямызға серпін беретін әрі мүдделер қайшылығын болдырмайтындай үлгілі дамудың жаңа, тың стратегиясын ұсына ала ма?

Әлде бағдары жоқ кемедей телегей теңізде теңселіп жүре береміз бе?

30 жылда мемлекетіміздің сүйегі қаланып, денемізге ет бітті. Енді бізге алдағы рухани-әлеуметтік түлеуімізге рупор болатын идеологиялық платформа керек. Бізде оған рухани мұқтаждық бар.
“Қадам басқан адам ғана жолды бағындырады…” Ал жолды бағындыру үшін арнайы меже керек-ақ. Меніңше, алдағы сайлауда кім мықты идея ұсынады, жеңіс соныкі болуы тиіс.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.