arasha.kz

«Өзімізді өзіміз алдаудан алдымызға жан салмаймыз»

Ерлан Саиров, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

– Біз өзімізді өзіміз алдаудан алдымызға жан салмайтын болдық.
Неге өйтеміз? Білмеймін.
Еліміздің шалғайдағы ауылдарының басым көпшілігі интернеттен жұрдай. Міне, рас.
Әкімдер де, министрлік те интернет «толып тұр», ауылдың «қағанағы қарқ» дейді.
Көзбояушылықтың жоғарғы дәрежесі.
Бүгінде әкімдердің, цифрландыру министрлігінің өтірігінен ел, халық, қоғам шатысып қалды.
Жаңа министрде де ешқандай үн жоқ. Яғни, ол да өтірікпен келісіп отыр.
Бұл мәселені шешу үшін барша ауылдардың интернетке қосылғаны жөнінде қоғамдық аудит жасау керек.

Exit mobile version