Президент былтырғы Жолдауында орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне мән беріп, орындалуы керек бірқатар тапсырмаларды атап өткен болатын. Сол кезден бүгінгі уақыт аралығында олар қандай деңгейде орындалды? Орта және шағын бизнестің дамуында өсу байқала ма? Бұл сұрақтарға экономикалық сарапшы Қайырбек Арыстанбековпен сұхбаттасып, жауап алдық.
Президенттің Қазақстан халқына жасаған Жолдауында 2023 жылы орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған тапсырмалар көзделді. Әрине, Үкімет іс-қимыл жасады, бірақ ойдағыдай пәрменді болмады. Нақты нәтижелер әлі де бермей жатыр. Оның мысалы кванттық экономикада мынадай жағдай бар: «Yellow Pages Rule» – сары жапырақтар тәртібі деген болады. Сол тәртіп бойынша қай секторда, қай салада, қай бағытта шағын, орта бизнес жұмыс істей алады, өнім өндіре алады, қызмет көрсете алады, ол жерден мемлекеттің қатысуымен немесе квазимемлекеттік сектордың қатысуымен компаниялар кетуі керек. Жол беруі керек. Өкінішке қарай, бізде шаралар, іс-қимылдар жасалмай жатыр. Мысалы, біздің есептеуіміз бойынша, 2023 жылдың қорытындысында шағын, орта бизнестің экономикадағы үлес салмағы 32-36 пайыздың төңірегінде.
Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш 10 жыл бойы өзгермей келе жатыр. Әлә де сол қалпы. Енді осыдан заңды сұрақ туындайды. Неге олай? Оның себебі басқа жақта жатыр. Жаңағы айтқанымдай, мемлекеттің, квазимемлекеттің қатысуымен құрылған компаниялардың салмағы бізде сол 50 пайыз болып тұр.
Тағы бір айта кетерлік жағдай, соңғы 12 жылда біз орта бизнесті жоғалтып алдық. Бұл жоғалту емес, 10 жыл бұрын сандар қалай болды, әлі де солай. Демек, орта бизнеске қатысты кешенді тиімді экономикалық реформа жоқ деген сөз. Сайып келгенде реформа орташа бизнесте емес, мәселе квазимемлекеттік секторда.
Дегенмен биыл былтырғы Жолдауды іске асыру аясында ауыз толтырып айтатын үкімет дайындаған Президенттің жарлығы болды. «Мамыр айының жарлығы» деп аталады. Яғни, экономикалық жарлық, квазимемлекеттік секторды реттеуге бағытталған жарлық шықты. Бірақ ол жерде бір «әттегенай» оның толыққанды жүзеге асырылуы 2029 жылға дейін орындалу мерзімі создырылып көрсетілді. Меніңше, шапшаң шаралар керек сияқты. Сондықтан 2024 жылғы Жолдауда пәрменді, кешенді әмбебап тапсырмалар көзделеді деп үміттенеміз, – деді ол.
фото iep.kz сайтынан алынды
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024