Қасым Аманжолов айтыскерлер мен журналистерді асабалық деңгейге түсіп кеткен шоу өкілдері деп сынады.
Бұл туралы “Қасқа жол” бағдарламасында айтылды.
«Қазіргі журналистерге көңілім толмайды. Олар асабалық деңгейге түсіп кетті. неге десеңіз, студиядан шығып, мейрамханаға кетіп бара жатады. Асаба деген кім? Алатын ақшасы үшін кім-көрінгенді мақтайтын, кемшіліктерінің бәрін жиып қойып, бар мақтауын асыратын, тойы иесін де, келген қонақты да, сөз сөйлеушіні де мақтайтын, өзі танымайтын адамды көкке көтере сөйлейтін адам. Ал журналистер соның деңгейінде. Маған ренжімесін. Менің асабалық туралы пікірім осындай. Барлық жерде айтып жүрмін. Өздері де біледі. Өкпелейтіндері өкпелей берсін», – деді Қасым Аманжол.
Журналист кей әріптестері журналистиканың деңгейін осылай түсірді деп қынжылады. Одан бөлек айтыскерлер де дәл осы асабалардың қатарында деп санайды.
“Мен 80-90 жылдарда айтысты көргенмін. Одан кейін көрген емеспін. Айтыс қызық емес. Олар да асабаның бір түрі. Шоу өкілі. Былайша айтқанда, алатын жүлдесі үшін барын салып, мақтауын асырып, ұпай жинап, әр жерден бір көшірген нәрсесін айтып жүретін нағыз плагитчик адамдар. Олар айтысқа алдын ала дайындалады. Журналистердің жазған мәселесін газеттен оқып алып, соны халыққа айтып отырған айтыскерлерді де естігенмін. Айтыскер мен журналист салыстыруға келмейді”, – деді
Осы тұста Ринат Зайытов секілді саясатқа араласын айтыскерлер жайлы ойын жеткізді.
“Ринат секілді саясатқа араласатын, кейін онысынан түк шықпай, масқара болатындары да бар. Олар солай өзін көрсеткісі келеді. Бір қызығы олардың аудиториясы көп болады. Мыңдап, миллиондап көп болады. Сондықтан ол үнемі халықтың алдында жүреді. Масқара болса да, қайта халықтың ықыласына бөленіп алады. Солай тойда жүреді, төрде отырады, бас мүжиді. Солай жүре берсін. Менің ешкімде ақым жоқ. Ешкімде кеткен есем жоқ. Менің пікірім осындай. Мен оларды бақсы-құшнащтар деймін”, – деді Аманжол.
“Қыз алып қашу салтының артында қанша әйелдің трагедиясы жатыр” дейді ол. Журналист әйел проблемасы жайлы ойын жеткізді.
“Әрбір алып қашудың артында бір қыздың тағдыры, обалы, трагедиясы жатыр. Бұл ер азаматтарға сын. Кейбіреулер біреуге қыз алып қашып берген дерін айтып мақтанып отырады. Тұрып кетті ғой дейді. Тұрып кетсе де оның артында қанша көз жасы болды. Әйел құқығы деген ең бір басты мәселелелердің мәселесі. Оған бей-жай қарамау керек”, – деді Қасым Аманжол.