13-07-20 |
1340 рет қаралған
«Қазір үрейге толы кезеңде өмір сүріп жатқандаймыз».
«Қазір үрейге толы кезеңде өмір сүріп жатқандаймыз»

фото: 365info.kz

«Әр таң әлеуметтік желілердегі өткен тәулікте қаза болған адамдардың тізімін көрумен басталады. Қаншама талантты тұлғалар кетіп жатыр, ал біз олармен қоштаса да алмаймыз. Қазір үрейге толы кезеңде өмір сүріп жатқандаймыз». Мұндай пікірді «Қазақстан қолөнершілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Айжан Бекқұлова baq.kz сайтына берген сұхбатында айтады. 

«Ұлттық аза тұту күнін атап өтуге мәжбүр болғанымыз көңілді жасытады. Әрине, коронавирус салдарынан көз жұмған адамдарды еске алу күнін өткізу дұрыс. Бірақ, бір қынжылтатыны – біз әлі қауіпсіз аймаққа өтпедік. Әр таң әлеуметтік желілердегі өткен тәулікте қаза болған адамдардың тізімін көрумен басталады. Қаншама талантты тұлғалар кетіп жатыр, ал біз олармен қоштаса да алмаймыз. Қазір үрейге толы кезеңде өмір сүріп жатқандаймыз. Оның үстіне дәрі-дәрмек, медициналық ұйымдардағы төсек-орын тапшылығы мәселесі түсініспеушілікке алып келді. Дегенмен, карантиннің бір жақсы жағы – халық біріге түсті. Әркім жеке позициясын айта алатын деңгейде», – деді ол.

Айжан Бекқұлованы алаңдататын тағы бір жайт – ұмытылып бара жатқан қолөнер түрлерін меңгерген шеберлердің де вирусқа шалдығып жатқаны.

«Тағы бір алаңдатыны – ұмытылып бара жатқан қолөнер шеберлері де вирусқа шалдығып жатыр. Олардың дені – 60-70 жастан асқан. Ал біз әлі олар білетін өнердің барлық техникасын, құпиясын зерттеп үлгермедік. Карантиннен соң ұмытылып бара жатқан қолөнер шеберлерінің соңғы тұяғынан айырылып, жұқа  былғары, күдеріде жасалатын тігін түрлерінің техникасын жоғалтып алғанымыздай, көне қолөнер түрлерінің үлгілерін зерттеп үлгермей қаламыз ба деп қорқамын. Біз онсыз да талай қолөнер түрін жоғалтып алдық. Егер пандемия кезінде қалған өнер зерттеушілерінен айырылып  қалар болсақ, мәдениетімізді жұтаңдатамыз, кейін тұтас өнерді қалпына келтіру қиынға соғады. Мен қазір аймақтардағы қолөнер шеберлеріне бара алмай, алаңдап отырмын», – деді ол. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.