14-01-22 |
3220 рет қаралған
«Қазақ тілі» қоғамы елді Тоқаевты қолдауға шақырды.
«Қазақ тілі» қоғамы елді Тоқаевты қолдауға шақырды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы елде болған оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады.

«2022 жыл Қазақстанда газ бағасының өсуі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ауырлығына қарсы халық наразылығына ұласқан күрделі ахуалдың туындауымен басталды.

Осы күрделі жағдайды пайдаланып, алпауыт топтар мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен билікпен диалог орнатуға тырысқан бейбіт митингілерді әуелі басбұзарлыққа арандатты, кейін тонау, ұрып-соғу, соңы атыс-шабысқа қасқана айналдырды.

Соның кесірінен содырлардың қанды колынан тәртіп сақшылары мен әскери күш сарбаздары ғана емес, бейбіт шерушілер де жапа шекті, кейіннен содырларға қарсы операцияларды орындау барысында да бейбіт тұрғындар оққа шалынып, адам өліп, жарақат алған жайттар орын алды.

Сонымен бірге бейбіт митингіге қатысқан азаматтардарың істі болып жатқаны туралы да ақпарат ел ішін алаңдатып отыр.

Қанша жанды құрбан қылған, қанша жылғы игілікті бір сәтте құртып-жойып, елді жойқын шығынға ұшыратқан бұл дүрбелеңнің басты себебі халық пен билік арасының ажырауынан туындағанын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Мәжілістегі сөзінде ашық айтты.

Сондықтан көзі ашық, көкірегі ояу жұртшылықты ел Президентінің маңына топтасуға, мемлекет саясатын кері кетіруге жол бермеуге шақырамыз.

Сонымен қатар, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы осы мәлімдемесі арқылы нағыз бүлікшіл мен басбұзар, тонаушы мен лаңкесті анықтау және оларды әділетті жазалау, ал митингіге шыққан, азаматтық белсенділік көрсеткен қарапайым халық өкілідерін заңсыз қудалауға жол бермеуге шақырады»,-делінген мәлімдемеде.

Мәлімдемені халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті әрі мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы жасады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.