13-03-25 |
1460 рет қаралған
Құрылтайда депутат ЛГБТ насихатына толық тыйым салуды ұсынды. Бұл конституцияға қайшы емес пе?.
Құрылтайда депутат ЛГБТ насихатына толық тыйым салуды ұсынды. Бұл конституцияға қайшы емес пе?

Ертең Бурабай Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтеді. Оған президент Қ.Тоқаев қатысады. Ал бүгін «Руханият. Өнер. Мәдениет» секциясының отырысы өтті. Отырысты мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жүргізді.

Отырыста 21 құрылтай мүшесі өз ой-пікірлерін ортаға салған.  Соның ішінде мәжіліс депутаты Еділ Жаңыршин де бар.

Мемлекеттік қызметке қабылданушыларға қатысты тестте қазақ тілінің нәтижесі бірінші кезекте ескерілуі қажет. Қазіргі жағдайда тест тапсырушы тұлға қазақ тілінен нөл нәтиже алса да мемлекеттік қызметке қабылдана береді. Тұрғындарының 90% астамы қазақ ұлтынан тұратын өңірлерден бастап, мемлекеттік органдарда ісқағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізу процесін бастау.  Басқа өңірлердің мемлекеттік органдарында ісқағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізуді, қазақ ұлтының үлесін ескере отырып,  кезең-кезеңмен жоспарлы түрде өткізу. Қазақ тілі – еліміздегі ұлттарды ұйыстыратын бірден бір мемлекеттік құндылығымыз.

Мұрын жырау Сеңірбекұлының мұрасын, яғни «Қырымның қырық батыры» жырларын зерттеу, зерделеу және насихаттау. Ол үшін Мұрын жырау мұрасын ЮНЕСКО-ның бейматериалдық құндылықтар тізіміне енгізу. «Қырымның қырық батыры» жырын білім ордаларының (мектеп, колледж, ЖОО) оқу бағдарламаларына енгізу. Республикалық деңгейде арнайы аталып өтетін тұлғалардың тізіміне Мұрын жырау Сеңгірбекұлын енгізу.

ЛГБТ насихатына толық тыйым салатын заң нормасын енгізудің уақыты келді. Тиісті мемлекеттік органдар бұл мәселеде Парламент депутаттарын толық қолдаулары қажет.

Мәдени-көпшілік шараларда фонограммамен ән айтуға тыйым салу. Министр Аида Балаева таланттарды шығаруда бұл мәселені қолдайтынын, барлық тараптармен бұл мәселені жан-жақты талқылап, шешім қабылдау керектігін айтты.

Қазақстанға шет елден келетін көркем фильмді дубляж жасауды бір компания алып алған, яғни монополист. Ол компания дубляжды тек басқа тілде аударып отыр, фильмдерді мемлекеттік тілге аудару жоқтың қасы. Енді осы компанияға фильмдерді мемлекеттік тілге аударуға талап қою немесе лицензия талаптарын қайта қарап, бәсекелестік жағдай жасап, басқа да дубляж жасайтын компанияларға жол ашу. Интернет алаяқтардан азаматтарымызды мемлекет тарапынан киберқорғау шаралары әлі де әлсіз болып отыр. Банктер тарапынан да азаматтардың активтері мен жеке мәліметтерін қорғау өз деңгейінде емес. Көптеген азаматтар солардың қитұрқы әдіс-тәсілдерінен қаржыларынан айырылып қалып жатыр, мемлекет сыртына миллиардтаған қаржы кетіп қалуда. Осыған орай құқық қорғау органдарын киберқорғаныспен айналысатын мықты кадрлармен, заманауи жабдықтармен және технологиялармен қамтамасыз ету қажет. Банктердің ішкі бақылау қызметтерінің жұмыстарын қайта қарап, олардың құқық қорғау органдарымен жұмыстарын үйлестіруді жетілдіру қажет.  Алаяқтарға қарсы күреске бағытталған арнайы қазақстандық IT бағдарламаларды кеңінен қолдану қажет. Әлемдік деңгейдегі ондай бағдарламалар бізде бар, – деді Еділ Жаңырбшин.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.