Қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарым Астана және Алматы қалаларында топтаса жиналып, үкіметке талап қойған аналардың әрекетін, сөйлеген сөздерінен кейін Республикалық көпбалалы аналар мен отбасылар қозғалысы құрылса деген ойын айтып, парақшасында жазба қалдырды.
«Егер кешегі болған оқиғалардан сабақ алғанымыз шын болса, онда бізге ұзақмерзімді саясатты түбегейлі өзгерту керек деген сөз. Бізге пиар мен насихат емес, шынайы өзгерістер, кешенді бетбұрыс қажет.
Дұрысы кем дегенде бір республикалық көпбалалы аналар мен отбасылар қозғалысы дүниеге келсе.
Ол жиналыстарда бас шұлғып отыратын кезекті ұйым емес, керісінше, мәселе көтеріп, ұсыныстарын заң мен саяси құжатқа айналдыра алатын азаматшаларды біріктірсе ғажап болар еді.
Аналардың талабын жұрт қолдайды!» деп жазады саясаттанушы.
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024