Экономист, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан елге шынайы экономикалық реформа керек деп есептейді. facebook парақшасына жазған жазбасында ол: «Меніңше, халықтың шыдамдығы тауысылайын деп жатыр. Бұны тек мен емес биліктің өзі де сезіп отырған сияқты. Үкімет отставкаға бекер кеткен жоқ қой. Бірақ революцияның аяғы не болатыны белгілі, жаман болады. Бізге революция емес, ақылды реформа керек!» дейді.
Сондай-ақ Мұхтар Тайжан: «Әзір де кеш емес.
Шынайы, өтірік емес, тағы айтам, шынайы экономикалық реформаны өткізсек, халықтың жағдайын, көңілін жарты жылда жақсартуға болады!
Байлығымыз былай жеткілікті, біз өте бай елміз, шын айтам. Ал 18 млн адам ол не? Бір үлкен қала ғой! 18 млн халықты асыра алмаймыз ба не? Еще как асыра аламыз!
Оған аса көп ақыл да керек емес, – ниет керек, тек ниет!
Ал халқымыз өте кешірімді, білесіздер. Дұрыс реформаны өткізіп бітірсек бәрін де кешіре салады, одан қоса риза боп қалады.
Әлі де кеш емес….» деп жазады.