Мәжілі депутаты Ринат Зайытов Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімімен 1990 жылы туған, ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен, яғни ұлтаралық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша сотталған Ж.Дархамбаеваға бостандық сұрап, төрт жол өлең жазып, «Жансұлуға бостандық» деп әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
Тоқтау қоймай орынсыз оттағанға,
Қылмыс болды тіліңді жоқтаған да.
Қазақтың қай жыртығы жамалмақшы
Жазықсыз Жансұлуды соттағанда?…
Жансұлуға бостандық!

Бүгін Жансұлу Дарханбаева ісіне қатысты жаңа мән-жайлар анықталып, оның 2 жыл өтелуі тиіс жаза мерзімін сот кейінге шегергені белгілі болды.