27-03-19 |
5940 рет қаралған
Сайлау: халықты алдап-арбап, негізгі құқықтарынан айыру жақсылыққа апармайды.
Ерлан Саиров, саясаттанушы:
- Елімізде жақын арада Президент сайлауы болары анық.
Сайлау өтпей тұрып, еліміздегі «Сайлау туралы» заңды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру өзекті. Мысалы үшін, Президентке кандидатты,аталған заң бойынша, тек саяси партиялар ғана ұсына алады.
Ал егер, елімізде бес-алты партияның бар екендігін және осы партиялардың басым көпшілігінің моральдық жағынан «ескіріп» кеткендігін, қоғам алдында беделінің жоқтың қасы екендігін еске алсақ, келе жатқа сайлау қоғам өкілдері алдында саяси «ақсақтар мен тоқсақтардың» жарысына айналуы ықтимал.
Бізге, бұл сайлауға өзін-өзі ұсынушылардың қатысуына мүмкіндік беру, сонымен бірге сайлауға қатысу үшін төленетін төлемақыны азайту немесе мүлдемге алып тастау, сонымен бірге басқа да шектеулерді алып тастауға мүмкіндік жасау керек.
Бұл сайлаудың халықтың алдында заңды және әділетті болуы ұрпақ алдында, сонымен бірге, халықаралық қауымдастық алдында еліміізді демократиялық жүйеге трансформация жасаушы ел ретінде қарастыруға қажет.
Бұл мәселені оңтайлы шешу, бүгінгі элитаның өзіне ауадай қажет. Бұрынғы тәрізді халықты алдап-арбап, оның негізгі хұқықтарынан айыру жақсылыққа апармайды.
Халықтың қандай да билікке сенімі тек заңды сайлау өткенде ғана табалдырығы нық болуы һақ.
Осы аспектіні есте ұстап отыру өте маңызды.
Соңғы мақалалар.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.