Қазақстандағы мемлекеттік ынталандыру шараларының арқасында АӨК секторы қарқынды дамып келеді. Бұл туралы Қазақстанның бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жазды.
«Жақында мен ауыл шаруашылығы министрі ретіндегі жұмысымды аяқтадым. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Елбасы – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Маминге Қазақстанның аграрлық саласын басқаруға сенім білдіргенім үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.
Осы жұмыс кезеңі мен үшін өте жауапты болды. Мен Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі нығайту және дамыту үшін бар күш-жігерімді салуға тырыстым. Мен өз жұмысымда әрдайым Қазақстан халқына ашық әрі адал қызмет ету сияқты өмірлік қағидаттарды ұстандым. Ешқашан осы принциптерден бас тартпаймын және кетпеймін, әрқашан өз халқыма әрі қарай қызмет етуге дайынмын», – деді ол.
Экс-министрдің сөзінше, АӨК үкімет тарапынан ерекше көңіл мен қолдау бөлінуде. Мұны ауыл шаруашылығы өндірісінің өсу қарқыны растайды, ол 2020 жылдың қорытындысы бойынша 5,7%-ды құраған (РБ – 4,9%, РФ – 1,5%, Армения – 1,5%, Қырғызстан-1,1%).
«Мұның бәріне салалар арасындағы субсидиялаудағы ауытқуларды жою және шағын және орта фермерлерді қамту үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін жеңілдету арқылы қол жеткізілді. Қосымша банктік кредиттеу кезінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру сияқты қаржы құралдары енгізілді, сондай-ақ ауыл шаруашылығында ерікті сақтандыру жүйесі енгізілді.
Қазір құрғақшылықтан және артық ылғалдан сақтандыру өнімдері аграршылар арасында сұранысқа ие, сондай-ақ алғаш рет Swiss Re халықаралық қайта сақтандыру компаниясын тарта отырып, ірі қара малды сақтандыру енгізілді», – деді Омаров.
Бұған қоса, өткен жылы форвардтық сатып алу бағдарламасы іске қосылып, өз тиімділігін көрсеткен. Форвардтық сатып алу екі міндетті орындайды, бұл отандық өндірушілерден дәнді және майлы дақылдарды кепілді сатып алу және өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен, мал өсірушілер мен құс өсірушілерді азықпен қамтамасыз ету.
«Жер комиссиясы өткізілді және шетелдік жер пайдаланушыларға ауыл шаруашылығы жерлерін беруге тыйым салу бөлігінде жер кодексін өзгерту бойынша екі заң қабылданды, сондай-ақ жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандық жер пайдаланушыларға жалға беру мәселелері заңнамалық регламенттелді. Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы да 3,2% тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Бұл ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегінің және Қазақстан тәуелсіздігінің барлық жылдарындағы мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесі екені сөзсіз», – деп өз ойын айтты Сапархан Омаров.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024