arasha.kz

Смағұл Елубай: Қазақтың обалын неге ойламайсыңдар!

Соңғы күндері ресми жиындар тек орыс тілінде өте бастады! Ел басқарған азаматтар мемлекет тіл алдындағы жауапкершілікті неге жылы жауып қойдыңдар? 90 пайыз қазақ отырған жиын неге орысша өтуге тиіс! Ел ағалары қазақ тілін қашанғы қорлаймыз? Қашан өз тілінде сөйлейтін есі дұрыс ел боламыз. Мұндай орыстілді жиынды көріп отырған өскелең ұрпақ қандай өнеге алады? Олар қазақ тілін қазақ басшылары керек етпей отырғанын күнде көргеннен кейін қазақ тілінің болашағына қалай сенеді. Қазақ тілі туралы айтылған әдемі ұрандардың бәрі желге ұшқанын көрмей ме? Іс жүзінде мемтіл орыс тілі екенін көрмей ме? Бұл сұмдықтан кейін оларға қазақ мектебі неге керек, ел ағалары? Қазақ тілінің обалын неге ойламайсыңдар! Қазақтың обалын неге ойламайсыңдар! Ашынғаннан айтып отырмыз. Сіздер қазақ тілін кемсіткен сайын жанымыз жылап отырады!

Жазба жазушы Смағұл Елубайдың фейсбук парақшасынан алынды

Exit mobile version