Маңғыстау облысындағы газ бағасының қымбаттауына байланысты 2 қаңтардан бері өтіп жатқан митингі үкіметтің таратылуына қатысты қоғам талабын тағы да күн тәртібіне шығарды.
Қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, экономистер үкімет тарауы керектігін айтып жатыр.
Мұхтар Тайжан, экономист:
– Бұл үкіметтің және НПП Атамекеннің экономикалық дәрменсіз саясатының салдарынан халықтың күнкөріс деңгейі әбден төмендеп кетті. Бүгінгі халықтың наразылығы – шынайы экономикалық реформа жоқтың қасы.
Шынайы реформаны істеткізбей отырған сөзсіз олигархат. Бүгінгі таңда Kazenergy және НПП Атамекеннің бастықтары неге үнсіз? Маңғыстауға барып халықтың алдына шықпай ма, проблеманы шешіп береміз деп?
Немесе анау экономика министрі, балақайымыз қайда? Есімін да ұмытып отырмын. Қайда олар? Жоқ қой, тығылып отыр. Интригадан басқа ештеңе білмейді.
Қазір Жаңаөзенге барған Тоғжанов пен Ноғаевтың комиссиясы бірдеңе шешеді деп ойламаймын. Бұл жерде басқа, түбегейлі шешімдер қабылдану қажет, менің ұсынысым:
Президент Тоқаев мырза Асқар Мамин басқарып отырған мына үкіметті отставкаға кеттіріп, халық және президенттің өзі сенетін жаңа үкіметті жинау керек. Сол жаңа үкіметтің қатарына Нұротанан тыс адамдар да кіру керек. Нақты айтам, маған халық сенім артса өз басым экономикамызды түзетуге ат саласуға дайынмын. Нәтижені бір жылдың ішінде көрсетуге болады!
Қазақстан секілді соншама бай елде халық соншама кедей болғаны – нонсенс. Бұндай нонсенсті қысқа мерзімде өзгертуге әлбетте болады.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024