Ұлттық арна басшысы тарихи сериалдарға бөлінетін қаржыны әлемдік нарықпен салыстырып, аз екенін айтты.
«Qazaqstan» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Танысбай отандық сериал түсіру саласын 5-6 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырды және дамуда көш ілгерілеу бар екенін атады. Қазіргі кезде Qazaqstan ұлттық телеарнасы жылда бөлім саны 200-ге жететін 15-16 телехикая түсіріп жүр.
«Тарихи хикаяларға да жол ашуымыз керек, нарық осылай дамиды. Эфирдегі сериалдың сапалы әрі табысты болуы тікелей бюджетке байланысты екені өзіңізге белгілі. Кез келген сериалдың сценарийіне, кастингін ұйымдастыруға, актерлер мен режиссердің сыйақысына, монтаж және пост-продакшн жұмыстарына қомақты қаражат жұмсалатынын жақсы білесіз.
Бізде мелодрама жанрындағы сериалдарға 5,2 миллион теңгеге дейін, тарихи сериалдарға 9-14 миллион теңге аралығында қаржы бөлінеді. Әрине, әлемдік нарықпен салыстырғанда бұл – өте аз. Мысалы, украиналық телеарналардың өзінде әр бөлімге 50-70 мың АҚШ доллары аралығында, ресейлік телеарналарға тарихи жанрдағы сериалдардың әр бөліміне 150 мыңнан 500 мың АҚШ долларына дейін қаражат бөлінеді. Өзіміз сапасын жиі салыстыратын Түркияда тарихи телехикаяның бір сериясына 300-450 мың АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсалады. Бізге келген әрбір өндіруші компания осы мәселені алға тартады. Оның үстіне, уақыт тапшылығы бар. Шетелдік телеарналар ұлттық идеологияны дамытудың басты құралы ретінде телехикаяларға мән береді. Бұл ретте Түркия тәжірибесін алып қараңыз. Өз сериалдары арқылы туристер санын арттырып жатыр. Яғни, сериал өндірісін дамыту – аса маңызды. Әзірге қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, қаржы, уақыт тапшылығына қарамастан көштен қалмауға тырысып келеміз»,-деді Ләззат Танысбай Айқын газетіне берген сұқбатында.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024