arasha.kz

Ұлттық арна Тоқаевтың тарихи сериалға бөлген қаржысын азсынып отыр

Ұлттық арна басшысы тарихи сериалдарға бөлінетін қаржыны әлемдік нарықпен салыстырып, аз екенін айтты.

«Qazaqstan» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Таныс­бай­ отандық сериал түсіру саласын 5-6 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырды және дамуда көш ілгерілеу бар екенін атады. Қазіргі кезде Qazaqstan ұлттық телеарнасы жылда бөлім саны 200-ге жететін 15-16 телехикая түсіріп жүр.

«Тарихи хи­каяларға да жол ашуымыз керек, нарық осылай дамиды. Эфирдегі сериалдың сапалы әрі табысты болуы тікелей бюджетке байла­нысты екені өзіңізге белгілі. Кез келген сериалдың сце­нарийіне, кастингін ұйымдастыруға, актер­лер мен режиссердің сыйақысына, монтаж және пост-продакшн жұмыстарына қомақты қаражат жұмсалатынын жақсы білесіз.

Бізде мелодрама жанрындағы се­риалдарға 5,2 миллион теңгеге дейін, тарихи сериалдарға 9-14 миллион теңге аралығында қаржы бөлінеді. Әрине, әлемдік на­рықпен салыстырғанда бұл – өте аз. Мысалы, украиналық теле­арналардың өзінде әр бөлімге 50-70 мың АҚШ доллары ара­лығында, ресейлік телеар­наларға тарихи жанрдағы сериалдардың әр бөліміне 150 мыңнан 500 мың АҚШ долларына дейін қаражат бөлінеді. Өзіміз сапасын жиі салыстыратын Түркияда тарихи телехикаяның бір сериясына 300-450 мың АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсалады. Бізге келген әрбір өндіруші компания осы мәселені алға тартады. Оның үс­тіне, уақыт тапшылығы бар. Шетелдік телеарналар ұлттық идео­­логияны дамытудың басты құралы ретінде телехикаяларға мән береді. Бұл ретте Түркия тәжірибесін алып қараңыз. Өз сериалдары арқылы туристер санын арттырып жатыр. Яғни, сериал өндірісін дамыту – аса маңызды. Әзірге қолда бар мүм­кіндікті пайдаланып, қаржы, уақыт тапшылығына қарамастан көштен қалмауға тырысып ке­леміз»,-деді Ләззат Танысбай Айқын газетіне берген сұқбатында.

Exit mobile version