Қазақстандықтар іскерлік беделі мен абыройына нұқсан келтіргендерді жиі жауапқа тарта бастады.
Заңгер Серік Ақылбайдың пікірінше, бұдан халықтың құқықтың санасының артқанын байқауға болады.
«Соңғы тенденцияларды көріп отырмын, адамдар соттарда өздерінің заңды мүдделерін жиі қорғай бастады. Яғни, бір жағынан, сот билігіне деген сенімнің артуы туралы айтуға болады. Екінші жағынан, азаматтардың құқықтық санасы да өсуде. Жаңа құқықтық мәдениет пайда болуда. Егер бұрын заңның үстемдік ұғымы абстрактілі болса, бүгінде ол айқын – адамдардың санасында өзгеріс болды», – деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.
Бұған қоса, заңгер соңғы уақытта еліміздегі белгілі тұлғалардың ар-намысына нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратып жүрген азаматтық белсенді Жанболат Мамай мен оның жары Инга Иманбайға қатысты пікір білдірді.
Еске сала кетейік, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ж.Мамайды ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіргені үшін сотқа берген болатын. Сот шешіміне сәйкес, жауапкер жарияланымдарды жойып, кешірім сұрауы тиіс. Алайда Мамай бұл шешімді орындамайтынын айтты.
«Жанболат Мамай мұндай ақымақтыққа баруға әбден қабілетті деп ойлаймын. Себебі оның осындай мәселеде жинаған белгілі бір тәжірибесі бар. 2016 жылы сот шешіміне сәйкес «Трибуна» газеті мен блогер Денис Кривошеев «Алматы жарнама» компаниясының директоры Сұлтанбек Сыздықовқа 5 млн теңге төлеуі тиіс болатын. Кейін Кривошеев айтқандай, ол қаражаттың жартысын жинап, оны талапкерге төлеуді жоспарлаған. Алайда Мамайдың әйелі Инга Иманбай көзіне жас алып, жақында қайтаруға уәде беріп, басылымның келесі шығарылымына қажет деп ол ақшаны алған. Өкінішке орай, блогер қарызын қайтара алмады, сондықтан ол қайтадан ақша жинауға мәжбүр болды», – деп жазды заңгер.
Айта кетейік, Ж.Мамай сот қаулысын әлі орындаған жоқ. Соған қарамастан кезекті жалған ақпаратты жариялап үлгерді. Бұл жолы ол Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа қатысты дәлелсіз ақпарат таратты.
«Жалпы, Жанболат Мамай мен Инга Иманбай кез-келген адамды оңай қорлауға дайын, олар өз сөздері үшін жауап бергісі келмейді. Бұл жұп үнемі заң үстемдігі мен демократиялық қағидаттарға адалдығын жиі айтады. Бірақ іс жүзінде мұның бәрі екіжүзді ойын екенін көруге болады Өйткені, олар ойынның жалпы ережелерін ұстанудан бас тартады», – делінген С.Ақылбайдың жазбасында.
Еске сала кетейік, елімізде жала жауып, беделіне нұқсан келтіретін бірнеше іске қатысты сот процесі өтті. Мәселен, бизнесмен Мұхтар Тайжан бұрынғы серіктесі Марғұлан Сейсембайға қатысты ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы арыз берген болатын. Соңғысы сот қаулысын өз еркімен орындамағандықтан, күні кеше Сейсембайдан 300 мың теңге мәжбүрлеп өндіріп алынды. Сондай-ақ 2020 жылы «Астана» футбол клубының директоры Давид Лория Sports.kz сайтын сотқа беріп жеңді.
«Заңның үстемдігі және сот шешімін құрметтеу жай ғана әдемі сөз емес. Бұл негізін қалаушы принциптер. Заңның үстемдігіне басымдық береміз деп айтатын адамдар өздері үшін ерекше жағдай жасамауы керек. Бүгін біз сотта адамдар өздерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғаған кезде тәжірибе қалай дамитынын көріп отырмыз. Айта кетейік, сот шешімдерін қатаң орындауға тура келеді. Бұл үшін елімізде барлық жағдай жасалған», – деді заңгер.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024