«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев Қазақстанға АЭС салу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Атом өнеркәсібінің маманы АЭС салуға қатысты қазақстандықтардың пікір білдіруде белсенді болу керектігін айтты.
«Бүгін энергетика тақырыбында Арманжан Байтасовқа сұхбат бердім. Атом энергетикасы, әлемдегі энергетиканың жалпы даму тенденциясы, Қазақстанда АЭС салу мүмкіндігі туралы сұрақтар болды. Еуроодақта талқыланып жүрген көмірқышқыл газының қалдықтарына салынатын салықтар туралы сөз қозғадық. Күрделі мәселелерді қарапайым тілде түсіндірдім деп ойлаймын.
Айтып кеткім келеді, мен атом өнеркәсібінің маманымын, менеджермін. Десек те, мен бұл жерде біліктілігі жоғары маман емеспін. АЭС мәселесі – бұл бірінші кезекте атом энергиясы мәселесі.
Қазақстанда АЭС салуға қатысты мәселеде елдің әрбір азаматы дербес ой білдіріп, әркім бұл қадамға қатысты саналы түрде өз пікірін қалыптастыруы тиіс деп ойлаймын. Пікір расталмаған ақпарат негізінде емес, нақты көздерден алынған фактілерге негізделуі керек»,- дейді ол.
Facebook парақшасында пікір білдірген Жәкішев Байтасовтан келесі сұқбатты атом энергиясы саласындағы жоғары білікті маман Тимур Жантикиннен алуға кеңес бергенін жазған.
Естеріңізге салсақ, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанға АЭС қажет және оны қарастыратын уақыт келді деп айтқан болатын.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024