Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққаны белгілі. Осы уақиғаға орай түрлі пікірлер айтылып жатыр. Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай телеграм каналында Бишімбаевтың он жылға сотталып, бір жылдан астам уақыттан кейін шартты түрде босап шығуына байланысты ойын жазды.
«Не деуге болады? Жемқор жүйе өз адамдарын жазаламайды. Дәлелденген жемқорлық – он жыл берді. Жылдан аз уақыт отырып шықты.
Ақпарат үшін:
Жәкішев дәлелденбеген қылмысы үшін он жылдан астам отыр.
Ескендір Ерімбетов ойдан шығарылған қылмыс үшін екі жылдан бері отыр. Айырмашылықты қара!
Әділдік жоқ жерде мемлекеттің гүлденуі мен халық пен биліктің бірлігі болмайды» деп жазады М.Сейсембай.