25-03-19 |
12760 рет қаралған
Жириновскийдің Назарбаевқа ашық хаты: қалалар мен көшелердің атауын өз атыңызға беруді тоқтатып, 2020 жылы Қазақстанда президент болып орыс сайлануына ықпал етіңіз.
Жириновскийдің Назарбаевқа ашық хаты: қалалар мен көшелердің атауын өз атыңызға беруді тоқтатып, 2020 жылы Қазақстанда президент болып орыс сайлануына ықпал етіңіз

Ресейлік саясаткер В.Жириновский ұлт көшбасшысы, қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, экс-президент Н.Назарбаевқа ашық хат жазған, деп хабарлайды kp.ru

Жириновский өз хатында «Нұрсұлтан Әбішұлы, қалалар мен көшелерді сіздің құрметініңізге аталуына тоқтау салыңыз» дей келіп: «Орыс тіліне қойылған кедергілердің бәрін алыңыз, латын әліпбиіне көшуді тоқатыңыз және 2020 жылы Қазақстан президенті болып орыс сайлануына ықпал етіңіз! Орыстарды тықсыруды тоқтатып, бәрін кері шақырыңыз. Және «Кемеңгер» орденін енгізу туралы ойланып, ол орденді маған беруіңізге болады» деген екен.

Естеріңізге салайық, 19-наурызда Н.Назарбаев президенттік өкілеттілігінен бас тартып, 20-наурызда Қ.Тоқаев ант беріп, президент қызметіне кірісті. Жаңа президент парламентте сөйлеген сөзінде Астананың атын Нұрсұлтан деп атау жөнінде ұсыныс айтып, ол ұсыныс дереу қолдау тауып, ақыры Астана қаласын ресми түрде Нұр-Сұлтан деп қайта атау туралы президент жарлығы шықты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.