Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «AMANAT» партиясының мүшесі, «Әділдік жолы» үкіметтік емес ұйымының атқарушы директоры Дидар Смағұлов Парламент Мәжілісі депутаты болған жағдайда қолға алатын шаруалары жайлы қозғап өтті.
«Біздің негізгі бағытымыз – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Жемқорлықтың не екенін, оның себебі мен салдарын жақсы білеміз. Сондықтан тек қана салдарымен күресіп қоймай, нақты себептерін анықтау, оны жариялау, болдырмау үшін тиісті заңнамаларды өзгерту немесе жаңа заңнамаларды қабылдау. Себебі бізде құқықтық негіздеме болмаса сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді, нәтижелі жұмысты ұйымдастыру мүмкін емес. Бізге жаңа заңдар, жаңа ережелер қажет.
Осыны біз Парламент деңгейінде көтеруге дайынбыз. Біз қоғамдық ұйым ретінде осыған дейін де әлеуметтік желілерде жариялап, осы мәселеге қатысты сұхбаттар да бердік. Бірақ енді ресми түрде мемлекеттің бір алаңында қозғауға дайынбыз. Жүйені ішінен өзгертеміз», – деді «AMANAT» партиясының мүшесі.
Сұхбат барысында алдағы сайлау туралы айта келе плюрализмді толық қолдайтынын айрықша атап өтті.
«Мәжілісте көзбояушылықпен айналыспайтын, нақты өз бағыты, ісі, жоспары, бағдарламалары бар партиялар болуы керек. Әділетті сайлау кез келген партияның абыройы. Оған біз де бар күш-жігерімізді саламыз», – деп сөзін қорытындылады.
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024