10-06-21 | 09:11
Министр картоп бағасының қымбаттауын алыпсатарларға ысыра салды.
Министр картоп бағасының қымбаттауын алыпсатарларға ысыра салды

Ауылшаруашылық министрі картоп бағасын алыпсатарлар өсіріп отыр деп ақталды. Сапархан Омаров күрт өсіп кеткен көкөніс бағасына қатысты қымбатшылыққа делдалдар мен супермаркеттерді кінәлады.

Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп бағасы келісіне 500 теңгеге дейін қымбаттады.

«Егер баға туралы айтар болсақ, біздің ауыл шаруашылығы өндірушілері өз қоймаларынан 200 теңгеден сатады. Қалғанын оның үстіне арадағы алыпсатарлар мен супермаркеттер қосып отыр», – дейді ауыл шарушылығы министрі Сапархан Омаров. 

Министрдің айтуынша, біздің ел картоп тұтыну көлемінен жыл сайын асыра өндіріп келеді. Мысалы, қазақстандықтар жылына 3 690 тонна картоп тұтынатын болса, өндіру көлемі 4 мың тонна, яғни 8 пайыз артық.

Тек осы күндері Қырғызстан мен Өзбекстан сынды көршілерімізде ауа райының ерекшелігіне байланысты картоп ертерек піскен. Сондықтан дүкендерімізде солардың өнімі пайда болды дейді министр.

БҰҰ-ның мәліметінше, мемлекет өзін азық-түлікпен 80 пайыз қамтамасыз ете алса, ол мұқтажсыз ел саналады. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 80 пайыздан асады. Дегенмен біздің елде тапшылығы сезілетін тағам түрлері де баршылық. Оның ішінде: балық, алма, құс еті, шұжық, сүзбе және ұнтақ қант бойынша еліміз тек 50-60 пайыз қамтылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk