30-03-20 | 22:04
Министрдің болжамы: Коронавирус жұқтырғандар саны 3500 адамға жетуі мүмкін.
Министрдің болжамы: Коронавирус жұқтырғандар саны 3500 адамға жетуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша елде коронавирус жұқтыратындардың саны 3500 мың адамға жетуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Бұл наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтығанда болуы мүмкін ықтимал болжам.

Министр айтқан деректерге қарағанда, COVID-19 дертіне шалдыққан науқастардың 43%  инфекцияны қайдан жұқтырғаны белгісіз. Коронавирус анықталған 302 науқастың ішіндегі 72 адам инфекцияны шетелден жұқтырып келген. 97 адам байланыста болу арқылы жұқтырған. Ал 131 адамның вирусты қалай жұқтырғаны белгісіз. Сондай-ақ  7016 адамның науқастармен байланысқа түскенін хабарланды. Оның ішінде 6345 адам карантинге жатқызылса, 432 адам елден шығып кеткен, ал 239 әлі күнге дейін табылмаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk