10-07-20 | 12:03
Министрлік: Қытай БАҚ-тарындағы ақпарат жалған.
Министрлік: Қытай БАҚ-тарындағы ақпарат жалған

Кейбір Қытай БАҚ-тарында  Қазақстанда  коронавирусқа қарағанда   көп өлім  белгісіз пневмония  жағдайларынан болып жатыр   деген   ақпарат таралуда.  Денсаулық сақтау министрлігі   бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді. 

“ДДҰ  АХЖ-10 халықаралық  аурулардың жіктемесін,  оның ішінде пневмония үшін кодтар енгізгенін,  атап өткен жөн, егер   КВИ  клиникалық немесе эпидемиологиялық тұрғыдан диагностикаланған жағдайда,  мысалы «матового стекла» синдромы  яғни  өкпенің  қабынуы  диагностикаланған, бірақ  зертханалық зерттеуде  расталмаған жағдайлар.

Қазақстан осыған байланысты   әлемнің басқа елдері  сияқты     осындай  пневмонияны есепке алу және мониторингтеу  жұмыстарын жүргізуде , бұл   сырқаттанушылықты және  коронавирустық инфекцияның  таралуын тұрақтандыруға бағытталған  басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

 9 шілдеде  Денсаулық сақтау министрі   А. Цой  елдегі  пневмония саны туралы  айтты, жалпы алғанда:  бактериялық,  грибокты, вирусты  түрлері, соның ішінде  АХЖ-10 жіктемесіне сәйкес  «вирусты пневмония, этиологиясы  анықталмаған пневмония» бар екенін атап өтті.

Осылайша денсаулық сақтау министрлігі   Қазақстан   Қытай БАҚ-тарының   ақпараты  ШЫНДЫҚҚА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІНІН  тағы да мәлімдейді” делінген министрлік таратқан ақпаратта.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.