Мирас Мұқаш ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Мирас Мұқаш ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

Жазушы-журналист Мирас Мұқаш ҚР Ақпарат және коммуникация министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Мирас Мұқаш бұған дейін Қазақстан Ұлттық телеарнасының жаңалықтар бөлімінде жұмыс істеген болатын.

Жақында ғана ҚР Ақпарат және коммуникация министрінің кеңесшісі қызметін атқарған  Қамбар Ахметов жаңа қызметке ауысқан-ды. Қамбар Ахметов «Егемен Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары болып тағайындалды. Енді бұл қызметке қарымды журналист, танымал жазушы Мирас Мұқаш келді.

Айта кетсек, Мирас Құлтөлеуұлы Мұқаш 1985 жылы 7 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы №92 қазақ-орыс орта мектебін бітірді. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

Көптеген республикалық басылымдарда жұмыс істеді. «Хабар» Агенттігінде «Жаңалықтар» бөлімінің тілшісі, Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тілшісі болып қызмет атқарды. «Жетінші арнада» «Нысана» қорытынды бағдарламасының тілші-редакторы болды. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.  

Мирастың әңгімелері көптеген басылымдарда және «Жалын» баспасынан шыққан «Жас толқын» жинағында жарияланды. «Ақ шағала» атты прозалық кітабы жарық көрген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.