22-01-20 | 20:01
Мирзиёев “еуразиялық одаққа кірмейміз” деп айтпаған.
Мирзиёев “еуразиялық одаққа кірмейміз” деп айтпаған

Өзбекстан президент Шавкат Мирзеевтің депутаттар алдында “Еуразиялық одаққа кірмейміз” деп айтқаны жөнінде кеше көптеген БАҚ жарыса жазды.

Көрші ел басшысының бұл сөзін әлеуметтік желідегі еуразиялық одаққа қарсы азаматтар бірден қолдап, Мирзеевті көтере бағалап жатты.

Ал бүгін Қырғызстандағы factcheck.kg сайты өзбек президенті “Еуразиялық одаққа кірмейміз” деп айтты делінген сөзіне зерттеу жасаған.

Әр елдің бірнеше баспасөзіне және президенттің ресми сайтында жарияланған материалдарды сараптай келе, factcheck.kg Шавкат Мирзеев “Еуразиялық одаққа кірмейміз” деп тура айтпағанын ол одаққа әуелі бақылаушы есебінде ғана кіру жайлы сөз қозғағанын анықтаған. Сөйтіп, Мирзеевтің депутаттар алдында “Еуразиялық одаққа кірмейміз” деп айтты делінген сөзін жалған, жаңсақ сөз деп баға берген.    

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.