14-05-20 | 18:00
Мирзиеевтің үлкен күйеу баласы Uzcard-тың 75% акциясын алды.
Мирзиеевтің үлкен күйеу баласы Uzcard-тың 75% акциясын алды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің үлкен күйеу баласы Ойбек Турсунов Uzcard тың 75% акциясын алды.

Ашық деректер базасындағы мәлімет бойынша, “Жалпы республикалық бірыңғай процессинг” (Uzcard осы компанияның бренді) компаниясының құрылтайшысы өзгеріп, компанияның бастапқы қорындағы 75% акциясын Ойбек Турсунов алған. Бұған дейін компанияның 75% иелігі Ахрор Махмудовқа тиесілі болған екен. Махмудов компания директоры болып жұмысын жалғастыра бермек және компанияның қалған 25% акциясына иелік етеді.

Uzcard – Өзбекстандағы банкаралық төлем жүйесі.  Бұл төлем жүйесі Өзбекстандағы 30 банк пен 40 төлем агрегаторларын және Өзбекстан банктері ассоциациясын, орталық банкті, жалпы республикалық бірыңғай процессинг компаниясы біріктіріп тұрған қаржы төлем жүйесі.

Осылайша, Өзбекстан президентінің отбасы да банк, қаржы жүйесіне иелік етуді бастады. Бұрынғы президент Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова да әкесі билік тұрған тұста ен байлыққа ие болған еді. Қазір ол сотталып, әйелдер түрмесінде жазасын өтеп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk