22-09-22 |
Мобилизациядан қашқан ресейлік Қазақстан шекарасын қалай кесіп өткенін айтып берді.
Мобилизациядан қашқан ресейлік Қазақстан шекарасын қалай кесіп өткенін айтып берді

РФ президенті Владимир Путин Украинадағы соғыс жағдайына қатысты елде жартылай мобилизация жариялай салысымен Ресейден кететіндер саны күр өсті. Қыркүйектің 21-нен 22-не ауған түнде Ресей-Қазақстан шекарасынан өткен Андрей есімді ресейлік Би-би-си агенттігіне шекарадағы жағдай жайлы баяндап берді.

Оның айтуынша, шекарадан өтетін жастардан әскери есепте бар, жоғын және елге қашан қайтатынын қатаң түрдетексеріп жатыр екен.

«21 қыркүйекте мен әдеттегідей таңғы сағат 9-да тұрып, президенттің үндеуін тыңдадым. 10.30-да екінші пәтеріме барып киімдерімді жинастырып, 14.00-де Челябинскке ұшып кеттім. Одан ары көлікпен шекарадан өттім. Мобилизацияға жатам ба білмеймін, бірақ мен сынақтан өтуді ұнатпаймын», – дейді ресейлік.

Оның айтуынша, шекарада кезекте тұрғанда тексеру басталған.

«Оған дейін екі сағат бұрын бәрі тыныш еді. Кейін адамдарды шетінен тоқтатып, тексере бастады. Мен Челябіден Қостанайға өттім. Шекарада 100-ге тарта көлік кезекте тұрды. Олардың көбі жас жігіттер еді, арасында әйелдері немесе қыздарымен кетіп бара жатқандар да бар. Дегенмен, кезекте тұрғандардың 90 пайызы жас жігіттер болды», – дейді Андрей.

Көлік нөпірін көрген олар жүктерін қолдарына алып, жаяулап өтуді жөн санапты.

«Ресей шекарасынан өту үшін бір жарым сағаттай уақыт кетеді. Шекарашылар билетті қашан сатып алғанымды, әскери міндетімді және мобилизация жайлы естулерің бар ма деп сұрады. Әр адамды жоқ дегенде 7-10 минут тексереді, кейбірін қосымша тексеруге алып кетіп жатты. Бірақ ешкімнен әскери билетің бар ме деп сұрап жатқан жоқ. Ал, қазақстандық шекарашылар «бәрің босқындар құсап, қайда қашып барасыңдар» деп қалжыңдап жатыр. Әзірге Ресейге қайтқым келмейді. Мен наурыз кезінде Қазақстанға кеткенмін, кейін бір айға Мәскеуге ата-анама барып келуге аттандым. Енді міне қайта бұл жаққа келуге тура келді», – дейді ресейлік.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk