14-09-21 |
Мұғалімдерден ақша жинап, гольф алаңын жинатқан директорлар қызметтен кетті.
Мұғалімдерден ақша жинап, гольф алаңын жинатқан директорлар қызметтен кетті

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Омаров атындағы №50 мектеп мұғалімдеріне курорттық аймақтардың бірінде гольф ойынына арналған аймақты жинауды міндеттеген. Оқиғадан кейін мектеп директорын жұмыстан босатты.

“Мұғалім тек балаларды оқытуы керек, оны басқа ерекше жұмыстарға тартуға тыйым салынады. «Педагог мәртебесі туралы» заң бойынша бұл жұмыс жалғасатын болады. Барлық аумақтық департаменттер заң нормаларын бұзғандарды жауапқа тартуы керек. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады», – деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, Алматы облысында мектеп директоры мұғалімдерден ақша жинайтыны және ұстаздарды жұмысқа қатысы жоқ еңбекке тартытыны белгілі болды. Нәтижесінде Текелі қаласының №6 мектебінің директоры қызметінен босатылды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларына мұғалімдерді өздеріне тән емес жұмысқа тартуға тыйым салынатынын еске салды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.