27-07-20 | 13:31
Мұхтар Құл-Мұхаммед бас прокурорға заңсыз дәрі-дәрмек саудасына қатысты шағымданды.
Мұхтар Құл-Мұхаммед бас прокурорға заңсыз дәрі-дәрмек саудасына қатысты шағымданды

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке заңсыз дәрі-дәрмек саудасына қатысты шағымданды. Ол заңсыз дәрі жасау фактілеріне қатысты заңды күшейту керек деп отыр.

“Қазір әр медициналық препарат санаулы, ал денсаулық сақтау саласы қызметкерлері отандастарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін күні-түні алдыңғы шепте  қызмет етіп жүр. Осындайда жалған кәсіпкерлердің ашкөздігі мен арсыздығы таңқалдырады.  Олардың бұл әрекеттері бір емес, бірнеше мыңдаған өмірді жалмауы мүмкін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына сенімді өлтіреді”, – дедіМұхтар Кұл-Мұхаммед.

Бұдан бұрын Алматыдағы заңсыз жасырын кәсіпорыннан 100 тоннадан артық фальсификат табылған. Сенатор мұны ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп деп бағалап, бас прокурорға заңды қатаңдату керектігін айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.