16-10-19 | 20:26
Мультфильмдерде кедейлерді қаһарман етіп көрсетуді доғару керек – ғалымдар.
Мультфильмдерде кедейлерді қаһарман етіп көрсетуді доғару керек – ғалымдар

Дүйсенбі күні экономистер Абхиджит Банерджи мен оның әйелі Эстер Дюфло және олардың әріптестері Майкл Кремер экономика бойынша Нобель сыйлығын алды. Экономистер жаһандық кедейлікпен күреске қатысты тәжірибе жүргізген еді. Олар кедейлердің жоқшылық пен тоқшылықтағы өмірлерін жіті бақылап, кедейлікті түсіну қоғамда адекватты емес деген тұжырымға келген.

Ерлі-зайыпты Банерджи мен Дюфло Масачусетс техникалық институтының профессорлары. Эстер Дюфло әйел экономистердің ішінде Нобель сыйлығын алған екінші адам.

Нобель лауреаттарының сөзінше қоғамда кедейлер көркем әдебиеттегідей бейнеленеді. Олардың айтуынша, кедейлер жалқау немесе тапқыр, сыйлы не ұры, жауыз не болмаса бойкүйез, қорғансыз не толысқан ретінде түсінік қалыптасқан. Кедейлер туралы түсінік тіпті саяси алаңда да біржақты қалыптасқан.

«Кедейлерге еркін нарық», «Адам құқығын қолжетімді етіңдер», «Алдымен қақтығысты шешіңдер», «Кедейлерге қаражатты көбірек беріңдер», «Шетелдік көмек дамуды шектеп жатыр» деген сияқты саясатта да кедейлер туралы осындай түсінік көрініс табуы ғажап емес», – деп жазады Банерджи мен Дюфло «Нашар экономика» деп аталатын жұмыстарында.

Ғалымдардың пайымдауынша мәселенің түп тамыры кедейлерге сүйсіну немесе аяушылықта жатыр. Сонымен бірге кедейлер ақпараттандырылмаған және олардың экономикалық өмірінде қызық жоқ деп есептеледі.

Ғалымдар «кедейлерді мультфильмдердің қаһармандарына айналдыруды қою керектігін және олардың өмірін барлық жағынан қарап, шын түсіну керек» дегенді айтады.

Ғалымдар Африка мен Үндістандағы зерттеулерінде кедейлер нендей дүниелерге қол жеткізе алатынын және оларды қандай себеппен, қалай ілгері жылжыту керектігін анықтауға тырысқан.

Әртүрлі елдердегі 70-80 тәжірибеге қатысқан ғалымдар кедей адамдар не сатып алатындығын, балаларының денсаулығына қалай қарайтындығын, қанша бала тауып, балалары не үшін сабақ оқымайтындығын және қаражаттың аздығының пайдасы мен  кедейлер қалай тамақтанатындығын зерттеген.

Зерттеуде әсіресе жарлылардың қалай тамақтанатыны қызық болған. Бұл зерттеу кедей адамдар «тапқанын жейді» деген тұжырымды жоққа шығарған. 18 елдің кедей-кепшіктері туралы деректерді пайдаланып экономистер өте кедей адамдардың тұтынатын заттарының ауылды жерлерде – 36-70%-ы, ал қалалы жерлерде – 53-74% тамақ құрайтынына көздері жеткен. Тұрмысы төмен адамдар тамақ тұтынғанда құнарлы микроэлементтерден гөрі «дәмді және қымбат калориясы жоғарыларын» пайдаланғанды жөн санайды екен.

Кедейлер үшін өмірді қызықтырақ ететін дүниелер, мысалы теледидар маңызға ие. Мысалы Никарагуада 56% кедей үй шаруасындағылардың радиосы, 21% – теледидары бар. Ал солтүстік Үндістандағы Раджастхан штатында ешкімде теледидар болмаса да тұрғындар қаражаттарының 14% фестивальдарға жұмсайды екен.

Ғалымдар үкімет пен халықаралық институттар азық-түлік саясаттарын қайта қараулары керек деген пікірде екен.

«Кедейлерге көбірек ақша беру аздық етеді. Тіпті табыстың артуы да аз уақытта тамқтануды жақсартпайды. Үндістанда байқағанымыздай кедейлердың табысы артса тамақтануында жақсы өзгерістер байқалмайды. Тамақтың алуан түрлігі адамдардың санасында қысым мен құмарлығын одан сайын арттырады“, – дейді ерлі зайыпты зерттеушілер.

Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша әлемде 700 миллионнан артық кедейліктің шегінде өмір сүретін адам бар.

 

Мақала BBC сайтынан қысқартылып аударылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.