14-09-20 | 21:11
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына алпыс жыл толды.
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына алпыс жыл толды

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы 1960 жылғы 10-14 қыркүйекте Багдаттағы конференцияда дамып келе жатқан мұнай өндіруші бес ел – Иран, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы және Венесуэланың бастамашылығымен құрылды.

Ұйымды құру мақсаты ұлттық мүдделерді ескере отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің өз ресурстарын және олардың пайдаланылуын бақылауға деген ұмтылысы болып табылды. 1960-шы жылдары әлемдік нарықтарда мұнайға деген ұсыныс артығымен болды, сондықтан ОПЕК-ті құру мақсаттарының бірі – бағаның одан әрі құлдырауын болдырмау. ОПЕК өзінің мұнайды өндірудің ұжымдық көрінісін әзірледі және ұйымның Хатшылығын құрды, ол алғашында Женевада, ал 1965 жылғы 1 қыркүйектен бастап Венада орналасты.

ОПЕК құрамына 13 ел кіреді[3]: Алжир, Ангола, Венесуэла, Габон, Иран, Ирак, Конго, Кувейт, Ливия, Біріккен Араб Әмірліктері, Нигерия, Сауд Арабиясы, Экваторлық Гвинея.

2016 жылғы қарашада ОПЕК+ бейресми форматы құрылды, оған 10 ел кіреді: Әзірбайжан, Бахрейн, Бруней, Қазақстан, Малайзия, Мексика, Оман, Ресей, Судан, Оңтүстік Судан.

Қазақстан ұйым хатшылығының шақыруы бойынша 2019 жылғы наурызда ОПЕК+ мониторинг комитетінің қатысушысы болды, бұл халықаралық мұнай-газ қауымдастығында ел беделінің өскенін білдіреді.

Қазақстан ОПЕК+ үлкен отбасының мүшесі бола отырып, әлемдік мұнай индустриясының дамуына ықпал ететін шешімдерді қабылдауға тең деңгейде қатысады.

ОПЕК және ОПЕК+ қатысушы елдері әлемдік мұнай нарығында сұраныс пен ұсыныс балансын қалпына келтіру үшін орасан зор күш-жігерін салады. COVID-19 індеті барлық мұнай экспорттаушы елдері үшін нағыз сынақ болды.

ОПЕК-тің бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо ұйымның 60 жылдығы мерейтойына байланысты өзінің құттықтау сөзінде мынаны атап өтті:

– «Болашаққа көз жүгірте отырып, ОПЕК біздің тарихымыздағы алдағы 60 жылда кездесетін жаңа сын-қатерлерге дайын. Біздің мүддеміз өндірушілер, сондай-ақ тұтынушылардың игілігі үшін теңдестірілген және тұрақты мұнай нарығын қалыптастырудан тұрады», – деді. Сондай-ақ ол бұл миссияны қатысатын 23 ел, оның ішінде Ресейді қоса алғанда, белгілі ОПЕК+ мұнай өндіруді реттеу туралы келісім арқылы ойдағыдай жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. Баркиндо энергетикалық кедейлікті қысқарту кезінде дәл осының адамзатқа тұрақты дамуға қол жеткізуге мүмкіндік береді деп санайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.