Н. Назарбаев: Полиэтникалық мемлекет болуымыз біздің артықшылығымыз.
Н. Назарбаев: Полиэтникалық мемлекет болуымыз біздің артықшылығымыз

Қазақстан Республикасының бірінші президенті, Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының төраға орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады. 

Кездесу барысында ассамблея мен аймақтардағы Достық үйлерінің жұмыс жоспары айтылды деп жазылған elbasy.kz сайты таратқан ақпаратта.

– 1995 біз көпұлтты мемлекетіміздегі барлық азаматтардың құқығын қорғау үшін ҚХА-ны құрдық. Кейін Ассамблея конституциялық орган болды. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап біз еліміздегі барлық ұлттардың тең екенін баса айттық, – деді Елбасы.

Н. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясы мәдени шараларға емес, сапаптамалық жұмыстарға көбірек көңіл бөлуі керек екенін айтты.

– 30 жылда жеткен жатістіктеріміздің бәрі қазақстандықтардың бірігіп, жұмыла алуының арқасында жүзеге асты. Полиэтникалық мемлекет болуымыз біздің артықшылығымыз, – деді ассамблея төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаев бүткіл аппарат пен аймақтардағы бөлімшелердің жұмысын қайта іске қосу бойынша аудит жүргізуді тапсырды. 

Ал Ж.Түймебаев Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық жұмысын жетілдіру бойынша жасалынып жатқан шараларды айтып, этникааралық қатынасты зерттеу саласындағы нәтижелермен бөлісті.

Кездесу нәтижесінде Елбасы нақты тапсырмалар берді деп хабарлайды Елбасы баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.