22-10-19 | 17:16
“”Нұр-Отан” шалдардан арылмай, абырой таппайды”.
“”Нұр-Отан” шалдардан арылмай, абырой таппайды”

Тоқтар Жақаш, журналист:

“”Нұр-Отан” – еті тарамыс, кәрі қойдың сіңіріндей не жеуге жарамайтын, не көрген көз қуанбайтын советтік бюрократ шалдардан арылмай, абырой таппайды! Өткенде Әлмерек ықшамауданындағы проблемаларды осында жазған едім. Кеше дауысы әдемі келіншек қоңырау шалып, “Нұр-Отанның” Түрксіб ауданындағы бөлімшесіне шақырған. “Әлмеректің мәселесін талқылаймыз” деп. Болат Оспанов деген қалалық мәслихаттың депутаты қабылдайды екен. Айтылған уақытында жеткем. Хатшы қыз “күте тұрыңыз, әне келеді, міне келеді” деп бір сағат күткізді. Жаман пойыз сияқты Бөкең де жете қоймады. Сөйтсем, бұл кісі еңбек жолын машинистің көмекшісі боп бастаған екен. Сонымен не керек, уәделі уақыттан бір сағат асырып әрең жетті-ау! Сөз ауанына қарасам – мәселе шешетін кісі емес. Тіпті, Әлмерекке келетін автобустың бір жарым шақырымнан кері қайтатынын білмейді екен! Ал жарық, су, канализация, асфальт мәселесі “біртіндеп-біртіндеп шешіледі” екен. Соншама уақыт күткізіп қойғаны бар, мынандай күлбілте сөзі бар, осы жерде мен де тарс кеттім. “Біз 12 жылдан бері осындай отпискалар мен отговоркалардан шаршадық! Игіліктерді біртіндеп 2030-2050 жылдары емес, дәл қазір көруіміз керек! Қане, сіздерде не жоспар бар? Жастарға не жағдай жасайсыздар? Көшелер қашан түгел жарықтанады? Қылмысты азайту үшін не істедіңіздер?” деп бастырмалатып жібердім. Жауабы жоқ. Бірдеңелерді айтып, міңгірлейді. Менен мұндай напорды күтпей қалса керек. Қағаз толтырып отырған хатшы қыз екеумізге жалтақ-жалтақ қарайды. Әлден соң менің аты-жөнімді жазып отырған хатшы қызға:”мына жеріне “удовлетворен” деп жаз” дейді. Сөйтсем, бұл шал өзінің жауаптарына мені қанағаттанды деп отыр екен! “Удовлетворен емес, озадачен деп жаз!” деп айқай салдым. Екеуі де селк ете қалды. “Ия! Я озадачен вашими ответами!” деп қоймаймын. Анау жалына бастады. Суретке түсіп, сөйлескен тұрғынның “қагағаттанғаны” жайлы жоғарыға қағаз өткізуі керек екен. Іштей:”бұлар не жазса, оны жазсын. Өздерін өздері осылай алдай берсін! Өз ойымды осында жазайын” деп шештім де мен де суретке түсіп алдым. Түк шеше алмаса, “Нұр-Отанға” мұндай өтірік кездесу неге керек? Мұндай шалдар неге керек?!”.

Жазба Тоқтар Жақаштың фейсбук парақшасынан алынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.