25-09-19 | 21:06
Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке тапсырма берді.
Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке тапсырма берді

Елбасы, қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын өткізді деп хабарлайды елбасы баспасөз қызметі.

Отырысқа сенат төрайымы Д.Назарбаева, мәжіліс төрағасы Н.Нығматулин, ҰҚК төрағасы К.Мәсімов, президент әкімшілігінің басшысы Е.Қошанов және үкімет мүшелері қатысты. Отырыста ақпараттық қауіпсіздік және Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды.

Бірінші сұрақ – ақпараттық қауіпсіздік. Бұл өзекті мәселе. Қазіргі таңда дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда Интернет, оның ішінде әлеуметтік желілер басым. Бір жағынан, бұл жақсы үрдіс. Интернетте танымдық және ағартушылық ақпарат көп. Екінші жағынан, киберқауіпсіздікке байланысты қатерлер де баршылық. Бұл мәселеде басқа елдермен тәжірибе алмасу қажет. Осы бағытта дамуды қолдай отырып адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды, – деді Назарбаев. Сондай-ақ ол Ақтөбе облысының көлік-транзиттік даму әлеуетінің кейбір аспектілеріне назар аударып, өңірде кәсіпкерлік пен адами капиталды дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру қажеттігін айтты. 

Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Үкімет пен Ақтөбе облысының әкімдігіне тиісті тапсырмалар берілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.