Нұртас Адамбайдың фильмі Лос-Анжелесте жүлде алды.
Нұртас Адамбайдың фильмі Лос-Анжелесте жүлде алды

АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласындағы халықаралық Genrecelebration 2018 фестивалінде Қазақстандық режиссер Нұртас Адамбайдың “Лифт” фильмі жүлде алды. Бұл туралы Н. Адамбай өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды arasha.kz.

Фильмді түсіруге атсалысқандардың барлығын құттықтаған режиссер:

-“Ура! Сүйінші! Біздің «Лифт» фильміміз Лос-Анжелестегі “Genrecelebration 2018” жыл сайын өтетін халықаралық жанрлық кино фестивалінде 3 бірдей жүлде алды!”Үздік драмалық фильм”, “Үздік режиссура” және “Үздік операторлық жұмыс” -деп жазған Нұртас Адамбай, екі жыл бұрын, дәл осы фестивальде өзі түсірген «Тараз» фильмі де жүлдемен оралғанын еске салды.

-“Ұйымдастырушылар Amazon-да картинаны сату мен таратуға да көмектесетіндіктерін айтты. Себебі олар американдық көрермендерге фильм міндетті түрде ұнайды деп есептейді. Бүгін жақсы күн болды!” -деп жазады режиссер Нұртас Адамбай.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.