03-12-19 | 23:28
Назарбаевқа арнап ән жазған адам қала әкімі болып тағайындалды (видео).
Назарбаевқа арнап ән жазған адам қала әкімі болып тағайындалды (видео)

фото: kp.kz

Экс-президент, елбасы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевқа арнап өлең, ән жазған ақын әрі композитор Айтқазы Қарабалаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды.

А.Қарабалаев бұған дейін “ҚазТрансГазАймақ” АҚ Жамбыл облысы филиалы директорының кеңесшісі болған. Оған дейін Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметінде істеген.

Айтқазы Қарабалаев Н.Назарбаевқа бірнеше өлең, ән арнаған адам. Оны Қарабалаевтың өзі 2015 жылы Тараз қаласында өткен тұңғыш президент күніне арналған шара кезінде “Астана” телеарнасына айтқан.

“Қазір төрт ән жарық көрді. Біреуіне клип түсірді. Шынымды айтсам, президентке арнап өлең жазу өте қиын. Өйткені ой-сезіміңді бүкіл халыққа жеткізудің маңызы айрықша” деп осыдан төрт жыл бұрын ағынан жарылған ақын, композитор Айтқазы Қарабалаев бүгін Тараз қаласының әкім болып тағайындалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.