Назарбаев Маңғыстауға жұмыс сапарымен барды.
Назарбаев Маңғыстауға жұмыс сапарымен барды

18 қыркүйекте Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, экс-президент Н.Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарын жасады. Сапар барысында оған Каспий теңізінің жағалауындағы туристік хабты дамыту жобасы таныстырылған.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл Каспийде ауқымды халықаралық туристік хаб құру жолындағы алғашқы қадам екенін, алдағы уақытта осында қазақстандықтармен бірге шетелдік қонақтар да өте қолайлы уақыт өткізе алатынын айтқан.

“Тәуелсіздік жылдары біз біраз шаруа атқардық. Бұрын ешкім танымаған Қазақстан қазір әлем картасында лайықты орын алып отыр. Біз жаңа елорда салдық. Бүгінде ол басқа облыс орталықтары мен өңірлерді дамытудың үлгісіне айналды. Мен барлық мұсылмандардың қасиетті мекені – Түркістан қаласына баруды жоспарлап отырмын. Қазақ хандығының ежелгі астанасы болған шаһар қазіргі уақытта түрленіп, туристік әлеуеті артып келеді”, – депті Назарбаев.

Сапары барысында Назарбаев «Rixos Water World Aktau» қонақ үйі кешенін аралап, көрген.

фото: elbasy.iz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk