10-10-19 | 20:28
Назарбаев Моңғолия прьемер-министрімен кездесті.
Назарбаев Моңғолия прьемер-министрімен кездесті

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, елбасы бүгін Моңғолия прьемер-министрімен кездесті. Бұл туралы елбасы баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында қауіпсіздік кеңесінің төрағасы: “Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан мен Монғолия арасындағы қатынастарды нығайтуға тырыстым. Біз тарихи тұрғыдан жақын халықпыз. Моңғолияда жүз жиырма мың қазақ тұрады. Бұл біздің елдер арасындағы дәнекер. Сіз Қазақстанның Премьер-Министрімен келіссөздер жүргіздіңіз. Сонымен қатар, бизнес-форумға қатысуды жоспарлап отырсыз. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы сауда деңгейі өте төмен. Сіздің сапарыңыз сәтті өтетініне сенімдімін» деген.

Ал Моңғолия прьемер-министрі Ухнаагиин Хурэлсух: “Мен Қазақстанға ресми сапармен келгеніме өте қуаныштымын. Осы кездесу үшін Сізге ризамын. Менің алғашқы сапарым қатынастарымызды тереңдетуге және жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Мен Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанның жеткен жетістіктеріне куә болғаныма мақтанамын», – депті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.