06-07-20 | 17:25
Назарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне отшашу болады.
Назарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне отшашу болады

Фото: tengrinews.kz

6 шілде экс-президент Назарбаевтың туған күні және Нұр-Сұлтан қаласының күні. Мерекеге орай Нұр-Сұлтан қаласында отшашу болады. Отшашуды 23:00 де телеарналар тікелей эфирден көрсетеді. Отшашуды Есіл өзені жағасындағы орталық саябақта және Ботаника саябағында атады. Жергілікті биліктің хабарлауынша, отшашу демеушілердің ақшасына ұйымдастырылып отыр.

6 шілде Қазақстанның экс-президенті, қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, елбасы, тұңғыш президент, құрметті сенатор мәртебесі бар Н.Назарбаевтың туған күні. Сондай-ақ бұл күні былтыры Қ.Тоқаевтың бастамасымен Назарбаевтың аты берілген бұрынғы Астана қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының да туған күні болып есептеледі.

Назарбаев биыл 80 жасқа толды. Экс-президенттің туған күніне орай сенат төрағасынан бастап, көптеген лауазымды шенеуніктер, қоғам қайраткерлері және алыс-жақын шет мемлекеттер президенттері құттықтау жолдады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.