28-07-22 |
Назарбаев тағы да Түркияға барып келді.
Назарбаев тағы да Түркияға барып келді

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға барып келді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы Түркияда өзінің жақындарымен бірге болған және бөтен ешкіммен кездесу өткізбеген.

«Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы еңбек демалысынан кейін елге оралды. Демалысын ол жақын туыстарымен бірге өткізді. Анонимді дереккөздер тұңғыш президенттің шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен кездескенін таратуда, бұл шындыққа жанаспайды», – деп жазды Айдос Үкібай өзінің Twitter-парақшасында.

Айта кетсек, наурызда Назарбаев Түркиядағы дипломатиялық форумға қатысып келген соң, ондағы Қазақстан елшісі Абзал Сапарбекұлы қызметінен кеткен еді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk