07-07-22 |
Назарбаевтың ескерткішін құлатқаны үшін азапталған азаматқа үкім шықты.
Назарбаевтың ескерткішін құлатқаны үшін азапталған азаматқа үкім шықты

Назарбаевтың мүсінін құлатқан 38 жастағы Азамат Батырбаев шартты түрде бостандығынан айрылды. 

Азамат Батырбаевқа қатысты шешім Талдықорған қалалық сотында шығарылды. 

«Тергеу материалдары сотқа айыпталушының өз кінәсін мойындау туралы процессуалды келісімімен түсті. Сот шешіміне сәйкес ол 4 жыл 6 ай көлемінде шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл уақыт аралығында сотталушыға пробациялық бақылау тағайындалады», – деді қалалық сот өкілдері. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk