Назарбаевтың кіші қызы өзінен миллиондап қарыз сұрайтындарға ақша таратпайтынын айтты.
Назарбаевтың кіші қызы өзінен миллиондап қарыз сұрайтындарға ақша таратпайтынын айтты

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева әлеуметтік желіге өзіне ақша сұраған оқырман хатын жариялады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын ол үй алу және жұмыс тауып беру сұрақтарына араласпайтынын ашып айтқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желіге жүктелген оқырман өтінішінде Қазақстанның ең ықпалды отбасы мүшесінен баспана алу үшін 15 млн теңге қарыз сұрағанын көруге болады. Отандасымыз қарызды  ай сайын қайтармақ. Жалақысын алған бойда 60-70 мың теңге көлемінде ақша салып, өтейтінін жазған.

Әлия Назарбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мұндай мазмұндағы өтініштердің күн сайын түсетінін және оған ойын білдірді.

«Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады! Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамның қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын.
Мен қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз! Біз тұрғын үй мәселелерін шешпейміз, жұмысқа орналастырмаймыз, мемлекеттік органдардың істеріне араласпаймыз. Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді! Кейде бас тарту – ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу! Ал ниеттерім менің күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену!» – деді Әлия Назарбаева.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk