Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты тергеу жүріп жатыр.
Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты тергеу жүріп жатыр

Экс-президенттің немере інісі Қазақстанның бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты

Мәжіліс отырысынан кейін тілшілердің «Оның қаңтар оқиғасына қатысы бар ма?» деген сауалына Әмірханов осылай деп жауап берді. 

«Самат Әбіш тергеу орбитасында. Ол жауап беріп жатыр. Оның статусын білмеймін және ол дәл қазір Қазақстанда екенін білемін. С. Әбішті өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол сонда болуы керек», – деді Асқар Әмірханов.

Алайда ол тергеу амалдары барысында Самат Әбіштің күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады.

Самат Әбіш 2015 жылғы желтоқстан айынан бастап ҰҚК басшысының бірінші орынбасары болды.

17 қаңтарда ол Алматыдағы «қайғылы қаңтар» оқиғаларына байланысты Тоқаевтың бұйрығымен қыметінен кеткен болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk