arasha.kz

Бектас Бекназаров: Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың табысын өсіру үшін бірқатар мәселелер шешілуі керек

«Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың табысын өсіру үшін мына мәселелер шешілуі керек. Біріншіден, әлеуметтік қолдау мемлекет есебінен күн көріп, мәселелерін мемлекетке арта салуға ұласпауы тиіс. Өйткені мұндай көмек жұмыс істеп, ақша тауып отырғандарға берілмейді. Күнкөріс минимумынан жоғары табыс тауып отырғандар бес тіпті он баласы болса да әлеуметтік көмек алмайды», – деді Сенат депутаты Бектас Бекназаров сенатта өткен үкімет сағатында. 

Сондай-ақ сенатор жергілікті жердегі бюрократия әлеуметтік көмектің нақты мұқтаж адамдарға жетуіне кедергі тудыратынын да айтты.

«Бақша егіп, 20-30 құс өсіріп отырса, ол отбасының табыс көзі санала ма? Зейнетақысы аз зейнеткерлерді қалай есептейді? Жергілікті жердегі бюрократия көп сұрақ тудырады. Мұны біз БАҚ-тан білеміз», – деді сенатор.

 2019 жылы Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 698 теңге деп белгіленген.

Қазақстандағы әлеуметтік жағдай Астанада өрттен қаза тапқан бес баланың өлімінен кейін қоғамда қызу талқыланып, көп балалы аналардың билікке талаптарына ұласқаны белгілі. Халықтың жалақыны өсіру, әлеуметтік жағдайды жақсарту талабы күшейіп, Бақытжан Сағынтаев үкіметі отставкаға кеткені мәлім.

Exit mobile version