Қазақстанда тұрғын үй бағасы артты. Нарықтағы баспана құнын өткен жылмен салыстырғанда айырмашылық бар.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2021 жылғы қаңтар айында өсім байқалады.
- Таза әрленген жаңа үйлердің республика бойынша орташа бағасы 1 шаршы метрі үшін 319 252 теңгені құрады. Былтырғы желтоқсан айымен салыстырғанда баға 3% көтерілді.
- Абаттандырылған үйді қайта сату құны 1 шаршы метрі үшін 244 715 теңге болды. 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда 5% қымбаттады.
- Абаттандырылған үйді жалға алу бағасы 1 шаршы метрі үшін 1 687 теңгені құрады. Бұл, өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,7% жоғары.