Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Қазақстанда 2021 жылдың ақпан айында да тұрғын үй бағасы өсті, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Бір айда (2021 жылғы қаңтар-ақпан) абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату бағасы 3,1%-ға, жаңасын сату – 1,2%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы 1,6%-ға қымбаттады», – деді Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.
Республика бойынша шаршы метрдің орташа бағасы 322 968 теңгені құрады. Ақпан айына қарай өсім 7,7% құрады.
Бағаның өсуі – 19,1%.
Тұрғын үйді жалға алу кезінде шаршы метр орташа есеппен 1 714 теңгеге бағаланып, 10,7% өсім байқалады.