ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен елімізде салық төлеушілер қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын үстіміздегі жылдың 1 сәуірден бастап қолданады. Бұл туралы adilet.zan.kz сайтында жарияланған.
Заңда көрсетілген қызмет түрлеріне такси қызметі мен автобуспен тасымалдау, діни, саяси ұйымдар және кәсіподақтар қызметі, құрылыс саласына қатысты, өзге де почталық және курьерлік қызмет және тағы басқа 323 кәсіп пен мамандық түрлері кірген.